"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз мерекесі

11.04.2019

 Мерекелік кештің басты мақсаты:

Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы:

Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Оқушылар бір-бірден айтады.

Хор: «Ана туралы жыр»

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар! (Екі жүргізуші бірге).  

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Раушан Қабылқызына  беріледі.

Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызда Алданыштың  орындауындағы «   Ана, Әке » атты әнін  қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

 Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

 Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады. «0-1-2-3-4 сыныптар)

1-жүргізуші:

 Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-деп алдарыңызда ең кішкентай бөбектеріміздің «Қуыршақ» биі, қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай   оқушыларымыздың орындауындағы «Анаға сыйлаймыз»  әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Ромашка би

2-жүргізуші:

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар-деп алдарыңызда 4 сынып ұладрының пародиясын қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

 Зор десек те сіздерді — лайықсыздар алдарыңызда «Ана» әнімен Молдахметова Назымды қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ата-аналардың сұрауы бойынша  дайындық сыныбының жаңа жылда дайындаған «Доңыз» биін тағы бір мәрте қабыл алыңыздар.  

Жүргізуші:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

 Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз алдарыңызда ән Қыздар әні.

 

1-жүргізуші: 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  жоғары  сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

1-жүргізуші:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.алдарыңызда мектебіміздің жас маманы Амит Асылбекұлын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

 Алдарыңызда қазіргі                 биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – 3 сыныптың орындауында «Лента» биін қабыл  алыңыздар. 

2-жүргізуші: 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр ән «Асыл ана»

 

2-жүргізуші: 

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.04.2019 10:01
Құрылған күні: 16.04.2019 08:54

Текст