"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу - тәрбие жұмысының есебі

11.04.2019

                                     Қарабұлақ негізгі мектебі

оқу-тәрбие жұмысы бойынша

2018-2019 оқу жылының  бірінші жарты-жылдығына қорытынды

есебі

 

Мектеп «Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру» тақырыбымен жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы мектепте 12 педагог жұмыс істейді. Оның жоғары білімдісі – 7, арнайы орта білімді – 5, орта білімді – 0.

Жоғары санатта -0, І санатта -5, ІІ санатта -4, жалпы санатта -3 мұғалім.

Бүгінгі күннің талабы – әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, алған білім- білік дағдыларын күнделікті  өмірде қолдана білуге тәрбиелеу, сапасын арттырып, саналы да тәрбиелі азамат қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету жолында ұстаздар ұжымы оқу жылының басынан жоспарлы түрде, үлкен ізденіспен жұмыла жұмыс атқарды.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  демекші, нәтиже де жаман емес.

Мектеп оқушыларының білім сапасы әр тоқсан сайын өсіп отырды.

І тоқсан үздік -3, екпінді -27   білім сапасы - 83%.

ІІ тоқсан үздік -5, екпінді -26   білім сапасы - 86%.

Жыл бойы мектепішілік, аудандық іс-шараларға да белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.

Мектептегі ұстаздар қауымы 4 әдістемелік бірлестікке топтастырылған.

1.     бастауыш сыныптар бірлестігі.

2.     гуманитарлық пәндер бірлестігі.

3.    жаратылыстану –математика бірлестігі

4.    сынып жетекшілер бірлестігі.

Бастауыш  бірлестігінде 3 ұстаз дәріс береді.

5 жасарлар  тобында- Жарылғасова А.Т.

Бірлестік «Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.

І тоқсанда қыркүйек айының 8-ші жұлдызында отырыс өткізіліп, онда күнтізбелік жоспарларды бекітіп, жыл бойы өткізілетін ашық сабақтардың жоспарлары құрылды. Ғылыми жұмыс жайында:  3 -сынып оқушысы Бек Бейбарыс «Қалақай» тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізуде. Жетекшісі: Тасымбекова Ж.Қ. 

Мектебімізде он күндік тілдер мерекесі өтті.

«Тіл- тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз», «Ана тілім- ардағым» атты ашық тәрбие Нұрмұхамбетов Е.Б. өткізіп, тіл туралы білімдерінің деңгейін саралап, қатысушылар марапатқа ие болды.

Қазан айында «Берекелі, алтын күз» ертеңгілігін 2 - сынып мұғалімі Тұрсынбай М.А. өткізді. Әр сынып өз өнерлерін ортаға салды.

Ана тілінен оқу техникасы тексерілді. Қорытынды бойынша 1 сыныпта 3 оқушы-100%, 2 сыныпта-2 оқушы-50%, 3 сыныпта-7 оқушы-66%, 4 сыныпта 11 оқушы-66% көрсеткіш көрсетті.

Әр сынып үлгерімі төменгідей:

2 сынып-  4 оқушы - 50%

3 сынып – 10 оқушы - 70%

4 сынып-  6 оқушы - 66%.

19-24/ХІ күндері аралығында қазақ тілі апталығы өтті. Апталық барысында Тасымбекова Ж.Қ. 1-сыныпта «П,п дыбысы мен әрпі», Тұрсынбай М.А. 2- сыныпта «Н,Ң әрпі», Жарылғасова А.Т. 5 жасарлар «О,о дыбысы мен әрпі» тақырыптарда ашық сабақтар жүргізді.

Апталық соңында «Халық ауыз әдебиеті» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Оқушылардың  ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар, аңыздар, жаңылтпаштарды қаншалықты білетіні пысықталды.

1 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»  мерекесіне орай  мектепішілік және аудандық көлемде іс-шараларға қатыстық.

1-сынып мұғалімі Тасымбекова Ж.Қ. «Тұңғыш Президент» атты мектепішілік көрмеге буклет жасады.

5-сынып мұғалімі Тұрсынбай А.А. «Өрлеу жолындағы бағыты»  атты  тақырыпта 9-сынып оқушыларымен бірлесе интерактивті тақтамен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Осы мерекеге арналған мектепішілік кеште бастауыш сынып оқушысы Мұратбек Асанәлі көрініске қатысып, жас Нұрсұлтанды сомдады.

« «Өрлеу» «ҰБАО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан» Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің үшінші /негізгі/ деңгей бағдарламасы бойынша Жетенова Арай Балтакескенқызы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, сертификатқа ие болды.

Бастауыш сыныптар арасында «Жаңа жыл, жарылқа» ертеңгілігінде оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Әр сынып би, өлең, ән, сахналық қойылымдарды нақышына келтіріп сомдады.

        І жарты жылдық бойынша әр сыныптың оқу үлгерімінің білім сапасы төменгідей:

1-сынып пән мұғалімі Тасымбекова Ж.Қ. сабақтары – қорытылмайды.

2- сынып пән мұғалімі Тұрсынбай М.А. - 50%.

3 –сынып пән мұғалімі Тасымбекова Ж.Қ. - 63%.

4-сынып пән мұғаліміТұрсынбай М.А.  - 83%.

2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында өз бірлестігімен жүйелі түрде  жұмыстарды ұйымдастырып жетістіктерге жете білген  Тілдер бірлестігінің жетекшісі Изтелеуова Нұрмұхамбетов Е.Б. және   бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Тасымбекова Ж.Қ. мектеп әкімшілігі атынан алғыс жарияланды.

Қараша айында математика апталығы  өтті. Апталықта 5-сынып «Натурал сандар» тақырыбына Молдахметов М.Ж., 2- сынып «Жазбаша қосу және азайту» Тұрсынбай М.А.., 3-сынып «Құрылымы күрделірек теңдеуді шешу» Тасымбекова Ж.Қ.., 4-сынып «Көп таңбалы сандарға көбейту» , 5 жасарлар тобы  Жарылғасова А.Т. «Нүкте. Сызық. Түзу. Кесінді» атты ашық сабақтар өткізілді. Математиканың қиындығына қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру барысында жаңа технология элементтерін тиімді қолданған ашық сабақтарға куә болдық. Әр мұғалімнің ашық сабақтары жан-жақты талқыланып, өздерінің ойларымен пікір алмасты, қорытындыланып, анализ жасалды. Кемшіліктер де дер кезінде айтылды. Мұғалім тарапынан көп қателіктердің жіберілуіне байланысты 4-сынып оқытушысының ашық сабағы 2 рет берілді.

Апталық соңында «Білімді мыңды жығар» интеллектуалды ойыны 1-4 сыныптар арасында өтті.  Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі тапсырмалар алған. Ойын соңында БАС ЖҮЛДЕНІ 3- сынып оқушылары Жанибек Жансая мен  Бек Бейбарыс иеленсе, І орынды 2-сынып оқушылары Мұратбек Асанәлі мен Дауренбек Алдияр және ІІ орынды 4 сынып оқушысы Бөкен Ораз алды.

кізді.

«Әкем, анам және мен» атты жанұялық –танымдық сайыста 3-сынып оқушысы Жолымтай Ерхат және ата-анасы БАС ЖҮЛДЕГЕ  ие болды.

Бастауыш сынып арасында «Кішкентай арулар» байқауында Бас жүлдені 1-сынып оқушысы Жұмабай Амира, 3- сынып оқушысы Жанибекова Жансая «Парасатты қыз», 2-сынып оқушысы Аманкелді Гаухар «Инабатты қыз атты номинацияларды жеңіп алды.

         

Семинарлар: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған мектепішілік семинар өткізіліп, «Жаңа тарих – жаңа тұлға» тақырыбында арнайы сабақ  жүргізілді.

 

Олимпиада: Мектепішілік олимпиада өтті. Қазақ тілі пәнінен ІІ орын Айдарбек Нұрсұлтан 9-сынып оқушысы, ІІІ орын –Сабырбекова Ақмейр 7- сынып оқушысы, Мұратбек Адема 6-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен ІІ орын,  5-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен І орын.

 

Математика-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің 5 мүшесі бар. Олардың  екеуі- І санатта және біреуі- ІІ санатта.

Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Бірлестікте есеп беру және жоспарлау жиыны 8/ІХ –те өткізілді.  Жиында өткен жылғы жұмысқа есеп беріліп , алдымыздағы оқу жылына жоспар құрылды. Жоспар бойынша қараша-желтоқсан айларында эконмика және технология пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар, ақпан айында экологиялық апталық (география, биология және химия пәндерінен) және сәуір айында физика, математика және информатика пәндері апталығы  жоспарланды сонымен қатар қараша айында математика, физика информатика пәндері бойынша мектепішілік пән олимпиадаларын өткізу, желтоқсан айында президент күні мен тәуелсіздік күндеріне сыныптан тыс іс-шаралар өткізілу жоспарланды.

Жоспар бойынша желтоқсан айында технология және информатика пәндері бойынша  ашық сабақтар бекітілген болатын. Тұрсынбай Амит Асылбекұлмен 5-6 сынып оқушылары технология пәнінен  ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақ конференция түрінде өткізілді.Сабаққа қатысқан ұстаздар сабақтың құрылымы жағынан өте жақсы өткені және осы сабақтан көп әдістеме мен өздеріне керекті ақпараттар алғандарын айтты.  Келесі ашық сабағымызды Абдулла Айшолпан Абдуллақызы және 7 сынып оқушылары информатика пәнінен өткізді.  Сабақ  қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:          Орынтаева Ү.С.              

 

   

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.04.2019 10:10
Құрылған күні: 23.05.2020 00:26

Текст