Мектепішілік ата-аналар жиналысы
Психологиялық тренинг
Мақсаты: Ата-аналар арасында жағымды ахуал қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Қиял! Қиялсыз ақын да, философ та... тіпті адам болу да мүмкін емес психолог Д.Дидро айтқан екен. Олай болса ата-аналар сіздермен бірге дәл қазір қиялымызды жандандырып көрейік.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіздер. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу емес бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол жететін жерде орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыздар. Мүмкін бұл сіздердің армандарыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздердің бақытты сәби кезіңізді еске түсірген шығар. Тағы да сол жұлдызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыздар. Бар күштеріңізді салыңыздар. Сіздер міндетті түрде сол жұлдызға жетесіздер. Аспаннан алып оны алдарыңызға қойыңыздар. Көздеріңізді жайлап ашыңыздар. Ендісол жұлдызға болашақта балаларыңызды қандай адам ретінде елестетесіздер, соны жазасыздар.
Ата-аналар шеңберге жиналып балаларының жақсы көретін әнінен үзінді айтады.