Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: Ұстаздар ұжымында ашық психологиялық ахуал құру, сенімді, жағымды қарым-қатынасты нығайту.
Тренингтің жоспары:
Ұстаздар шеңбер жасап отырады.
Психолог: Құрметті ұстаздар, қазір бәріміз демалып келуге саяхатқа шығамыз. Әр мұғалім өз есіміне ұйқас сол саяхатта бізге қажетті деген затты атап шығамыз.Мысалы, Маржан -саяхатқа қазан алады, Айман –саяхатқа сайман алады.
Мақсаты: Ұжымды біріктіруге арналған. Ортаға шеңбер құрамыз. Мен бір мұғалімге жіп лақтырамын, оны аты-жөнімен атаймын және оның маған ұнайтын қасиетін, сырт келбеті, немесе мінезі атаймын, содан кейін жіпті алған адам келесі адамға лақтырады. Енді өрмекті айтылған сөздерді есімізге түсіріп тарқатамыз.
Мақсаты: Басшымен тиімді қарым-қатынас құралдарын дамыту. Бұл жаттығуды орындау үшін мектеп директорына математика пәні денсаулығына байланысты 1 аптаға сұрану керек. Кейіпкердің рөліне өзіңізді қойып, жағдайдан тиімді жол таба біліңіздер! Қай мұғалім өз жағдайын мектеп директорына түсіндіре отырып, келісімін ала алады.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточка беріледі. Әр қатысушыөздеріне қатысты сөйлемдерді таңдап алып аяқтайды.
-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның орнына...
-Мен шаршадым, оның орнына...
-Мен жақсы билей алмаймын, оның орнына...
-Мен көп үндемейтін адаммын, оның орнына...
-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның орнына..
-Мен Дубайда болған жоқпын, оның орнына...
-Мен батыл емеспін, оның орнына...
-Мен ұстамды емеспін, оның орнына...
-Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның орнына...
-Менің достарым аз, оның орнына...
-Менің жазуым әдемі емес, оның орнына...
Әр қатысушыға 1-2 стикердан таратылады. Қатысушылар әр стикерға адамдар бойынан қандай қасиетті жоғары бағалайтынын жазып шығады. Әр стикерға бір қасиеттен жазылады.Алынған мәліметтер дорбаға салынып, араластырылады. Әрбір қатысушыға, дорбадан бір билет алу ұсынылады. Бір билетті алып, аталған қасиет қай адамға сәйкес келетінін сыйлық ретінде сол адамға сыйлайды.
-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның орнына...
-Мен шаршадым, оның орнына...
-Мен жақсы билей алмаймын, оның орнына...
-Мен көп үндемейтін адаммын, оның орнына...
-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның орнына..
-Мен Дубайда болған жоқпын, оның орнына...
-Мен батыл емеспін, оның орнына...
-Мен ұстамды емеспін, оның орнына...
-Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның орнына...
-Менің достарым аз, оның орнына...
-Менің жазуым әдемі емес, оның орнына...