Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультатиялық пункт туралы
ЕРЕЖЕ
1.1 Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ-да ұйымдастырылды.
1.2 Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.
1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі-МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.
1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады.
2.Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттар мен міндеттері
2.1. Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.
2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері.
МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;
Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға(заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;
МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;
МДБМ және балалара мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әулеметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету болып табылады.
3.Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру
3.1. Сайтта және МДБМ –де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы жән т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру-консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.
3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:
Балалардың жас және психикалық ерекшеліктер;
МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;
Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.
3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар: 38-1-34 бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.
3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар:басшы,медициналық қызметкер,тәрбиеші,педагог-психолог.ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.
3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:
Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;
Мектеп басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.