"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық апталық.

06.05.2021

«Біз болашаққа жауаптымыз» 26-30 сәуір аралығында өткізілетін

экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығының есебі.

26 сәуір күні экологиялық апталығының салтанатты ашылуы өтті  «Жер-біздің ортақ үйіміз» деген видеофильм көрсетіліп, оқушыларға табиғатты қорғаудың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.

27 сәуір күні әр сынып жетекшілер берілген жоспардың тақырыбына сай сынып сағатты мен сыныптан тыс жұмыстар жасады.  «Біздің үйдің жануарлары» сурет байқауы. 1-2 сынып жетекшісі Тасымбекова Ж.Қ, «Бұл әлем қандай әдемі!» фотоконкурс 3-4 сынып, жетекшісі Тұрсынбай М.А, «Халықтық нанымдар, жұмбақтар, табиғатқа ұқыпты қарау туралы мақал-мәтелдер» сайысын 5-6 сынып жеттекшілер Шаймерденова А.Б мен Тұрсынбай А.А өткізді, «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» экологиялық викторина 7-8 сыныптарда Нұрмұхамбетова А.С мен Шаймерденова А.Б өткізді, «Жер ана тынысы» оқушылардың  мақалалар, рефераттар көрмесін 9 сыныптарға арнап сынып жетекшісі Нұрмұхамбетова А.С өткізді.

28 сәуір күні технология пәнінің мұғалімдері Тұрсынбай А.А мен Шаймерденова А.Б оқушылармен бірге қалдықтармен бірге қолөнер бұйымдарын жасап , көрме қойды, 29 сәуір күні 5-9 сынып аралығында «Менің ауылымның болашағы» жобалар байқауы өтілді, жеңіске 8 сынып оқушылары жетті, олар өз жобаларын жоғары деңгейде орындап шықты.

30 сәуір күні мектеп жанын аббаттандыру жұмыстары жүргізілді, 1-9 сынып оқушыларымен, мектеп мұғалімдері және мектеп жұмыскерлері шықты. Мектеп жаныны, ескерткіштер жаны тазаланды және бордюрлерді әктеді.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст