"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты.

26.11.2025

1-сынып оқушыларымен «Энергияны үнемдеу — экологияны қорғау», «Жүргіншілер өтпелері», «Бағдаршам» тақырыптарында сынып сағаты өткізілді. Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Балалар шаттық шеңберіне шығып, Жер-Анаға, күнге ризашылықтарын білдірді.
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға экология, табиғатты қорғау, энергияны үнемдеу мен қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениеті туралы түсінік беру, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Балалар энергияны үнемдеу, судың босқа ағуы, бөлмедегі жарықты сөндірмеу, табиғатқа тасталған қоқыс сияқты жағдаяттарды талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, шұғыл қызмет нөмірлерін жаттап, қауіпсіздік сабағынан ақпарат алды.
Сабақ соңында оқушылар табиғатқа жүрекжарды тілектерін айтып, рефлексия жүргізді. Сынып сағаты өте мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекші: Нуралина А.Ж.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст