"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елбасына балалардың алғысы!»

21.02.2018

«Елбасына

балалардың алғысы!»


«Ең

жақсы ұстаз-кітап» иә,

бұл нақыл сөз есіме түсіп,бүгінгіалдымда

отырған биылғы жылы мектеп табалдырығын

алғаш аттаған 1-сынып оқушыларым дәлелдеп

отыр.Кешегі күні Елбасымыз өз қаулысымен

бекіткен 1-наурыз алғыс білдіру күні

аталмыш мереке болып аталып өтті.Рас

бүгінгікүні қайда қарамасаң да өмірдің

қиындығын басынан өткеріп жатқан

мемлекеттер аз емес,солар секілді бізге

де тәуелсіздігіміз алдыңғы буын

ағаларымыздың маңдай тер,білек күшімен

жеткен шуақты күндер.Осындай күндерді

бастан өткеріп,бүгінгі күні өмірдін

арпалыс күндерінен қалмаймыз деп біз

бір-бірімізге алғыс айту, жылулық қажет

адамға жылулық танытуды ұмыт қалдырған

секілдіміз.Мектеп жоспарында белгіленген

аталмыш мереке менің сыныбымда да аталып

өтті.Ұйымдастырған сабағымның басты

мақсаты оқушыларымның өз алғыстарын

ерекше арнаған адамдарын білгім келді.

Әрине бірінші дауыстап бірден өз

ата-аналарына арнады. Әр оқушы

ата-аналарының жанында болғандарына,олармен

бірге саяхаттағандарына,

сыйлықтармен

тосынсыйларына алғыстарын білдіріп

жатты.Оқушылар мені де алғысқа бөлеп

қуантты. Сабақ барысында көптеген

ертегілерге саяхат жасап,алғыс жасау

реттерімен таныс болды.Кезек сыныпта

ұйымдастырылған кітап көрмесіне де

келіп жетті. Көрмеде көп кітаптың ішінде

бірден балалар 1-қыркүйекБілім күні

өздеріне арналған Қазақстан Республикасы

президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан

алған арнайысыйлық«Менің

Отаным-Қазақстан»

кітабына назар аударды.Оқушылар бірден

бір дауыспен бұл кітапты біздің

Қазақстанымыздың Президенті біз мектепке

оқушы болған үшін сыйға тартты деп

шексіз қуанып жатты.Мен бірден оқулық

туралы әңгімені тақырыпқа байланыстырып

едім ,оқушылар бірден мен алғыс ретінде

хат жазам,біреуі мен Астана туралы сурет

салам,ал біреуі мен алғыс ретінде гүл

отырғызам деп жатты.Мен бастауыш сыныпта

мұғалім болып жасағаныма отыз жылдан

асса да балалармен бірге осындай жайма

шуақ бейбіт күнде өмір сүріп жатқаныма

қуанып,мемлекетіміздің болашақ ұрпағының

болашағы нақты жоспарланып дұрыс жолға

қойылғанына нақ сенімдімін.

Аталған

кітап жас оқырман бірінші сынып оқушысына

лайық жинақталып,безендірілуі мен

фотосуреттері әсерлі. «Мәңгілік Ел»

бағдарламасы бойынша әр ұлт өкілдерінен

құралған достар оқушыларды өлкені

тануға шақырады. Карта бойынша республика

құрамындағы 14 облыспен таныстырады.Елорданың

ең көркем жерлері әсем бейнеленген.

Балалардың өз Отаны үшін мақтаныш

сезімін оятады. Республика көлемінде

ең үлкен қала-Алматымен жақын танысады.

Кіші Швейцария атанған көгілдір Көкше

баурайында демалыс ұйымдастыруға

болатынын сурет бойынша – ақ түсінеді.Тарихи

мұралардан сыр шертетін Алматы облысымен

танысты. Байлық көзі- Ақтөбе мен Атырау,

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,

Қарағанды облыстары жайлы толық ақпарат

алады. Астық, күріш, балық, көмір қайдан

алынатынын байқады.Солтүстік аймақтағы

ащы, тұщы көлдер мен құмды жағажайды

көмкерген аққайыңды өлкемен танысуға

мүмкіндік бар.Ұлы Жібек жолы өткен

Оңтүстік Қазақстан мақтаның отаны

екенін білді.Қазақ Хандығына - 550 жыл

бөлімі тұнып тұрған тарих, бабалар

шежіресінен сыр шертеді. Үлгі болар көп

іс қалдырған билер, сұлтандар, хандар

туралы жеңіл тілде оқушы санасынан орын

алады.Қазақ халқы білімге ерте заманнан

ұмтылған. Ұлы ағартушылар бейнесін есте

жақсы сақтауға бұл кітаптың көмегі

көп.Мерекелердің тәрбиелік мәні

зор.Достыққа, сыйластыққашақырады.Отанды

сүюге, қорғауға, бағалауға өскелең

ұрпақты тәрбиелейді.


Бұл

кітап үшін алғысымыз зор.Мен кез келген

мектептің 1-сынып жетекшілерінің

атынан,оқушылардың ата-аналарының және

«Менің

Отаным-Қазақстан»атты

оқулықтың иелері 1-сынып оқушыларының

атынан Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты

1-наурыз алғыс білдіру күнімен

құттықтап,сыйлық үшін алғысымды

білдіремін.

Қарабұлақ

негізгі мектебі

Тасымбекова

Жанар Құдашқызы

бастауыш

сынып мұғалімі

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст