"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Асанәлінің соңынан ерген асанәлі

21.02.2018

«Асанәлі

жолын қуған Асанәлі»


Әрбір

ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы

да тәрбиелі, Отанының сүйікті және

кішіпейіл азаматы болып жетілуін

қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы

азамат болып жетілуі үшін отбасында

балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының

заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық,

түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері

бар отбасы – бақытты отбасы.     

Бүгінгі

мектеп партасында отырған оқушы –

егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас

ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағы

ортақ іс.

Ата-ана

баласының бүгінгі қоғамда өз орнын

табуын және өмірдің ағымына қарай

баласының білімді де тәрбиелі болуына

көп мән береді.Кез келген ата-ана секілді

мен де өз балаларымның егеменді еліміздің

бетке ұстар азаматы болып тәрбиеленгенін

қалаймын.Сондықтан да қазіргі уақытта

отбасымызда балаларымыздың үйдегі

тәртібін,сөйлесу мәнерін,қонақта өздерін

қалай ұстап, қалай жүру керектігін

қадағалап дұрыс тәрбиелеудеміз деп

ойлаймын.Әрине, бала тәрбиесі отбасында

бір бөлек болар,ал мектеп қабырғасынан

алған тәрбиенің орны бір бөлек. Оған

дәлел ретінде Қанай елінде орналасқан

киелі қара шаңырақ Қарабұлақ негізгі

мектебінің өзі болар.

Менің

кіші ұлым туғанда есімі кім болады деп

көп ойланып, сол кезде денсаулығы сыр

беріп жүрген 90 жастағы ел сыйлайтын

нағашы әжесі Сабира деген апамызға

барып «есімін сіз қойып, батаңызды

беріңіз» деп едік.Ол кісі коп ойланбастан

Елімізге аты шыққан атақты Қазақстанның

халық әртісі Асанәлі Әшімов секілді

сыйлы өнерлі азамат болсын деп есімін

Асанәлі деп қойып еді.Бүгінгі Асанәлі

ауылымыздың көркі болып тұрған,көптеген

еліміздің көркеюіне үлес қосып жүрген

түлектер түлеткен қара шаңырақ

мектебіміздің 1-сынып оқушысы.Оқушы

Асанәлі атасы Асанәлі секілді өзін

жақсы қырынан көрсетті.Бұл сөзіме дәлел

болатын кешегі күні мектебімізде

бастауыш сынып апталығы басталып үлкен

жиын өтті. Мектеп директоры Ақмұрова

Раушан Қабылқызы оқушыларды апталықтың

басталуымен құттықтап жоспар бойынша

өтетін іс-шараларда оқушыларға сәттілік

тіледі.Жоспар бойынша 1-сынып жетекшісі

Тасымбекова ұйымдастырған «Жігіт

сұлтаны» өтті.Бұл сайыста оқушылар

кішкентайлықтарына қарамастан көптеген

қойылған білім жетілдіретін, ұлттық

дәстүрлерге сәйкес сұрақтарға мүдірмей

жауап беріп жатты.Өз өнерлерінде қамшы

өру,ұлттық ойын түрлерін көрсету,киім

үлгілерін көрсету байқаулары

қатысты.Әділқазы алқасы жігіттерімізге

өздерінің әділ бағасын беріп,әр оқушыны

өзіне жақын өнеріне байланысты түрлі

номинациямен атап марапаттау жасалды.Ал

біздің кішкентай Асанәлі атасы Асанәлі

Әшімов секілді өз өнерін көрсетіп,

«Жігіт сұлтаны» атанды. Бұл кішкентай

Асанәлінің алғашқы жетістігі. Алар

белестерін бағындыратына біз ата-анасы

ретінде сенім артамыз.

Міне,

осындай байқаулар арқылы бала тәрбиесіне

мектеп тарапынан қосар үлес мол деп

есептеймін.Ата-аналар өз балаларын

байқауда ерекше болуы үшін бар ынтасын

қойып дайындалған.

Осы

байқаулар секілді мектепте жыл бойы

«Алтын күз», «Жаңа жыл» мерекелері,спорттық

іс-шаралар жүргізіліп тұрды.Жалпы

айтқанда, мектепте оқу-тәрбие жұмысы

жақсы деңгейге қойылған.

Осындай

нәтижелерді көре тұра «Тек қана

ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді

біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға

үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген

сөздер еске түседі. Тәртіпті де тәрбиелі

ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен

алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

«Мектепте адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға

деген ыстық сезім, жақындарына, туған

– туысқандарына деген сүйіспеншіліктен

басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі

балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы

отбасындағы,мектептегі тәрбиеге

байланысты.


Ақмола

облысы Зеренді ауданы

Қанай

би ауылы

Асанәлінің

әкесі: Нұржан Жетенов

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст