Қарабұлақ негізгі мектебі
2017-2018 оқу жылы
Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесіне арналған
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты
онкүндіктің жоспары
№ |
Іс-шараның атауы |
Өткізу уақыты |
Жауапты |
Қатысушылар |
1 |
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты салтанатты жиынның ашылуы Онкүндіктің ашылуы және жоспарымен таныстыру |
5.09 |
ӘБ жетекшісі Мектеп директоры |
1-9 сыныптар |
2 |
Тақырыптық қабырға газеттерін шығару |
6.09-15.09
|
Сынып жетекшілері |
4-9 сыныптар |
3 |
« Ұлттық ойындар» атты спорттық жарысын ұйымдастыру |
7.09 |
Дене шынықтыру мұғалімі |
5-9 сыныптар |
4 |
«Тіл – келісім мен достықтың негізі» атты кітап көрмесі |
8.09-15.09 |
. Кітапханашы |
1-8 сыныптар |
5 |
Бүлдіршіндер арасында «Баланың балғын тілі» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізу |
11.09 |
«Ақбота» шағын орталығы және дайындық сыныбы |
Бүлдіршіндер Дайындық сынып |
6 |
«Ақыл көркі - тіл, Тіл көркі - сөз» атты викториналық сабақ өткізу «Тіл ұлттың қазынасы» атты сынып сағаттарын өткізу |
12.09 |
Сынып жетекшілер |
1-9 сынып |
7 |
5-9сыныптары аралығында сыныптан тыс "Let's speak English" атты іс - шарасын өткізу. |
13.09 |
Орынтаева Ү.С. |
5-9 сынып
|
8 |
«Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысын өткізу |
14.09 |
Нұрмұхамбетов Е.Б. |
5-9 сынып |
9 |
«Ән халықтың ажары» атты қазақша караоке өткізу |
15.09 |
Музыка мұғалімі |
3-9 сынып |
ӘБ
жетекшісі: Нұрмұхамбетов Е.Б.
Қарабұлақ негізгі мектебі
2017-2018 оқу жылы
Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесіне арналған
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты айдарымен өткен онкүндіктің
есебі
Тіл туралы Заңды жүзеге асыру барысында биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» айдарымен онкүндік өтті. Қазақстанда өмір
сүретін халықтардың әдет-ғұрпын,
дәстүр тарихын, тілін қастерлеп,
бүгініміз бен келешегіміз үшін
бірлігімізді нығайту басты борышымыз
екенін ұғындыру. Қазақстанды мекен еткен халықтардың тіліне деген құрметті
шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатын көздеді. Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін Н.Ә.Назарбаев Жолдауы бойынша «Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың бірлігі, достығы» тақырыбында қазақ тілі маманы Нұрмұхамбетов Е.Б,
баяндамамен онкүндікті ашты. Баяндама
барысында оқушыларға ана тіліміздің ахуалы, қабылданған заңдар мен
бағдарламалардың мақсат-міндеттері туралы
айтылды. Ана тіліміздің
тазалығы, күнделікті қолданыста болуы, екі қазақ бір-бірімен орыс тілінде емес,
қазақ тілінде ұғынысу жанашырлықтың,
жауапкершіліктің, елжандылықтың, намысшылдықтың белгісі екеніне тоқталынды.
«Ақбота» шағын балабақша
орталығының жетекшісі Жарылғасова Ә.Т. және дайындық сыныбының мұғалімі
Нүрпейісова С.С. бүлдіршіндермен «Баланың балғын тілі»
атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Мақсаты: ҚР жайында , қазақ тілі туралы түсінік берді. Балалардың сөйлеу қабілетін
жақсарту, Отансүйгіштік , патриоттық
сезімін ояту . Сонымен бірге балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Балаларға бұрын берілген білімдері бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.
Шағын көрініс те қойылды. Балалар белсенді қатысты. Еркін ойларын айта алды.
Тіл мамандары «Мәңгілік еліміздің мәңгілік
тілі» тақырыбында
5-9 сынып аралығында оқушылар шығармашылық жұмысын ұйымдастырды. Барлық сыныптар
тақырыптық қабырға газеттерін шығарды және «Тіл ұлттың қазынасы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Атап айтсақ, ашық сабақ «Қазақ тілі-ана тілім» 5-сынып, «Қазақ тілі-менің ана
тілім» 9-сыныпта Жетенов Н.М. өткізді. «Ақыл көркі - тіл,
Тіл көркі - сөз» атты викториналық ойын сабағын
Молдахметов М.Ж. көрсетті. Дене шынықтыру мұғалімі « Ұлттық ойындар» атты спорттық
жарысын
5-9 сынып оқушыларының арсында ұйымдастырды. 5-9 сыныптар арасында сыныптан тыс "Let's
speak English" атты іс - шарасын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Орынтаева
Ү.С-қызы өткізді.
Онкүндігіміздің соңғы күнінде
Шаймерденова А.Б-қызының ұйымдастыруымен өткен «Ән халықтың ажары» атты қазақша караоке музыкалык
концертін тамашаладық.
Онкүндіктің
жабылуында белсенді қатысқан оқушылар
мадақтамалармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: Нұрмұхамбетов
Е.Б.