"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау

26.06.2017

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар,қонақтар, қымбатты оқушылар!

Міне ,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы ,оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатынмектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімніңордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғықоңырау салтанатына қош келдіңіздер!

 Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

Қош келдің, айналайын, халқым менің!

Кеше ғана тұлымдары

желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы

толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя

мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші

түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

 

 

2016-2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.)

(Жұлдыз

Жауқазын БҰ рапорт беру рәсімі.)

(Ұйым түзеліп тік тұр! Қарабұлақ негізгі мектебінің директоры Ақмұрова Раушан Қабылқызы ұйым 25 мамыр «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынына дайын.)

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:


1. Қанай би ауылдық округінің әкімі Жүсіпов Ілияс Аманжолұлы

2. Аудандық

3. «Қанай би-1» ЖШС бастығы  Кабдулов Талғат Молдашұлы

4.Мектеп директоры Ақмұрова Раушан Қабылқызы

Ажырамай

мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Ақмұрова Раушан Қабылқызына беріледі.

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

 Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.

Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.

Болашаққа сол жүректен өт алып

Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Орынтаева Үмітжан Сәбитқызына беріледі.

Жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,

құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі. 1 сынып сөйлейді. (1 сыныпқа сөз беріледі)

 

Жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз. (9- сынып сөйлейді)

 

Жүргізуші:

 Әлі есімде әліппені ашқаным

Есіміңді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып –деп,

түлектердің  ұстаздары на беріледі.

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт

азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымызға беріледі:

 

Жүргізуші:

Көгершіндей

самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.

Соңғы қоңырау.

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!

Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен

қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір

белесіне асыратын қоңырау.

Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.

 Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып  түлегі ...........  - 1 сыныптың үздік оқушысы ..................тапсырылады.

/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/

Жүргізуші: ( 9сынып 2 круг айналғанда оқылады)

Бұл соңғы қоңырау үні...

Балалықпен қоштасу,

Үлкен өмірмен қауышу үні.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,

 Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст