"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әдепті сөз"

13.05.2017

Сабақтың тақырыбы:Әдепті сөз

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:оқушыларды

адамгершілікке,қарапайымдылыққа,еңбексүйгіштікке,өз халқының салт – дәстүрлерін

үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: адам бойындағы ұнуметьамды,ұнамсыз

қылықтарды ажыратып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тілбайлығын, таным

белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелігі:әдептілікке,

сыпайылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,интерактивті

әдіс

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд,оқулық

деңгейлік тапсырмалар,қима қағаздар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа

аудару.

-Біздің әдептілігіміз неден

басталады?

-Амандасудан.

-Олай болса,сәлемдесейік.

-Психологиялық дайындық.

 

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме!-деп,Сәлемдесіп

аламыз .

Үй тапсырмасын тексеру.

193-беттегі 5-жаттығу

Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабағымыздың

тақырыбы «Әдепті сөз »деп аталады .

Әдептілік туралы сұрақ- жауап.

-Әдептілік дегеніміз не?Оны қалай

түсінесің?

-Әдепті болғың келе

ме?Әдептілікті бізге кім үйретеді?

-Әдепсіз адам қандай болады?

Демек, адам бойында жақсы жаман

қасиеттер болады екен.

Міне, осындағы ақылдылықты,

қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз,

тәрбиеші, ұстаздарымыз үйретеді.

Ал біз осындай жақсы қасиеттерді

ананың ақ сүтімен бал тілінен бойымызға сіңіреміз жақсы бала осы қасиеттерді

үйреніп, жаман мінез, әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

Ал, енді ақылды, әдепті балалар

қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдайық.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің

Әсем паздық дегенің

Әуре сараң әлегің

 

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйеніш ,

Төмендеп басың кетеді

 

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

 

Сұрақ-жауап.

Суреттер бойынша әңгімелеу.

Адамгершілікке,сыпайылық

қарым-қатынастарға бағытталған суреттер.

 

Сәуірдің 24-і

Сынып жұмысы

 

Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу.Адасқан сөздерді орнына

қойып, нақыл сөзді көшіріп жазу.

Шешен кісі ел бастар,

Адал кісі сөз бастар.

Сергіту сәті:

Жаңбыр жауар себелеп,

Тығылады көбелек.

Біз қолшатыр астында,

Би билейміз дөңгелеп.

4-жаттығу. Ауызша орындау.

Көркем жазу. Шілделік ән салса, ауа райы

жақсарады.

Терме диктант.

Әдептілікке байланысты мақал

–мәтелді көшіріп жазу

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Әдептілік, ар- ұят-

Адамдықтың белгісі.

Досыңды бір алдасаң,

Өзіңді мың алдағаның.

 

Құпия хаттарға жауап беру.

(хаттарды бір оқушы дауыстап

оқиды, оқушылар ойланып жауап беру керек)

«Құрметті достар? менің көршімнің

баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп

ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?»

Тағы бір хатпен танысайық.

«Менің бір досым бар. Өзі

мақтаншақ,ойнап жүргенде үй ішін айтып,жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды

қалай ренжеткенін айтып ылғи мақтанады. Мен осысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды

жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?»

Оқушылырдың ой пікірлерін тыңдау.

 

«Жалғастыр» ойыны

А)Не істеуге болмайды?Осы сөз

үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады,оқушылар ойланып

жалғастыру керек:

-Үлкендердің алдынан кесіп өтуге

болмайды;

-кішкене баланы жылатуға

болмайды;

-құстарды атуға болмайды;

-сабақтан кешігуге болмайды;

-сыныпта айқайлауға болмайды

т.с.с. жалғастырып айтады.

Б) «Не істеу керек?» деген сөзі

көрсетіледі.

-үлкендерді сыйлау керек;

-табиғатты аялау керек;

-кішілерге қамқор болу керек;

-әдептілікті сақтау керек;

-оқу құралдарын күтіп,таза ұстау

керек;

-сабақты жақсы оқу керек.

 

Сабақты қорытындылау:

Әдептілік, адамшылық –

амандасудан басталады. Ол туралы Мұхтар Әуезов былай деген:

«Мен оның тегінің дұрыстығын

әдепті ұядан ұшқанын ертеңгі сәлемінен білгенмін».

Иә, әдепті елдің баласы алыстан сәлем

береді.

Сәлем түзелмей, адам түзелмейді.

Әдепті қателессе ,өз басынан

көреді

Әдепсіз қателессе, жолдасынан

көреді.

 

Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды

мадақтау, бағалау.

Үйге тапсырма

195 –бет, 5- жатттығу.

Сау болыңыздар.

 

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст