"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Рухани жаңғыру"

"Рухани жаңғыру" мақала

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Н. Ә. Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан
“Басты ұстаным - Рухани жаңғыру»
 

Кіріспе


Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Елбасымыздың осы жылғы еліміз¬дегі рухани жаңғырудың тұжырым - дамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғы¬нық¬ты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән - маңызы ешқашан кемімек емес. Керісінше, уақыт өтіп, заман өзгерген сайын халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір - нағыз білімділердің дәуірі болмақ.
Негізгі бөлім:
Тақырыптың актуалдығы:
Қазір бәсекеден тыс қалған бірде - бір сала жоқ. Ал барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді. Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР Президенті Н. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын - соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең - ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Иә, үрейлі көрінуі мүмкін, бірақ алдағы санаулы жыл ішінде бүгінгі қолданыстағы кәсіп түрлерінің тең жартысы қажетсіз болып қалары анық. Бұл мыңдаған адамға табыс көзінен айрылу қаупін тудырады. Мұндай қатер келешегін күні бұрын болжай білген мемлекеттер үшін ғана қауіпсіз. Жеткен жетістігіне тоғаймай, тың бағыт, жаңа бағдар таба білген елдер ғана осы сындарлы кезеңнен сүрінбей өтеді.
 

Жаңашылдығы:


Елбасы жолдауына мен де, тәрбиеші, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет. Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді көздеген. Мен осы бағытта өз тобымдағы балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытын қосымша жоспар жасақтау арқылы алдыма мақсат қойып алдым. Менің міндетім балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу арқылы, балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар туралы нақты жалпылама түсінік қалыптастыру болды. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында ең алдымен экология оқу қызметімен пәнаралық байланыс ұйымдастырдым, ертеңгілік жаттығуларды, оқу қызметтерін табиғат аясында өткізу арқылы табиғаттың әсемдігін сезіндіріп, оны қорғауға тәрбиелеу. Сонымен қатар күннің екінші жартысында табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеймін. Қорытынды:
Сөзімді қорытындылай келе, мен өз мектебіміде  ізденімпаз басшы ретінде мектеп оқушыларын  білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етуге жұмыстанамын. Мен өз кәсібімнің, жасап жүрген білім ошағын беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала.

 

Қарабұлақ  НМ директоры Р.К.Акмурова.

 

Жаңартылған күні: 18.03.2019 09:33
Құрылған күні: 18.03.2019 09:33

Текст