"Ақмола  облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қарауыл Қанай би ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карауыл Канай би отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа тренингтер

18.10.2019

 «Қанай би негізгі мектебі» КММ 1-сынып оқушыларын мектепке бейімдеу мақсатында мектеп психологі Нұрмұхамбетова А.С. тренингтар жүргізуде.

1 сабақ

Тренингтің мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.

Шиеленістің алдын-алу.

Сабақ барысы

Жаттығу: "Сәлем!"

Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.

Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Мұғалімі көз қарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.

Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.

      

 

 "Менің күлкілі портретім"

Мақсаты: танысу, жұмысқа тарту.

Жаттығу барысы: Мұғалім: "Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсынамын". Біздің сабақтарда сіз сурет салуды өзіңізге қалай үйреншікті, сол әдіспен саласыз, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуыңызға болады". Оқушылар әуен астында сурет салады.

Аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының суреттері бойынша презентация ұйымдастырады. Мұғалім: "Біздің суреттер дайын. Кел оларды бір-бірімізге көрсетейік". Балалар өздерінің автопортреттерін бір-біріне көрсетеді және тақтаға іледі.

                                    

 

Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.

Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.

 

 

 

 

Просмотров: 880


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст